-
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтар осы Қағидада белгіленген тәртіппен тіркелген паспорттарды өзімен бірге алып жүруге және оларды уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша көрсетуге міндетті;
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткен күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркелуге міндетті. Шетелдік азаматтарды тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады;
- Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының паспорттарын тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды;
- Тіркеу шетел азаматының ұлттық паспортының және визаның қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді;
- Қазақстан Республикасында келу мен болудың визасыз тәртібі туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тіркеу тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және одан әрі осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін;
- Заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар шетелдік азаматтарды тіркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзіміне ресімделеді;
ҚР аумағына келген барлық келген шетел азаматтарына тіркеу тағы да ұқсас мерзімге ұзарту құқығымен 1 айға дейінгі мерзімгерәсімделеді. Ресей мен Беларусь Кеден одағының азаматтарына тіркеу тағы да ұқсас мерзімге ұзарту құқығымен 90 күнге дейінгі кезеңге рәсімделеді.
Тіркеу үшін шетел азаматтары мыналарды ұсынуы қажет:
- Шетелдік паспорт;
- Көші-қон картасы (ҚР шекарасынан өту кезінде беріледі);
- Паспорттағы ҚР қолданыстағы визасы;
- Уақытша болу мекенжайы;
- Келу мерзімін бұзу және кіргеннен кейін 5 күн өткен соң паспортты тапсыру әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.