«ZONT» компаниясы барлық қажетті құжаттарды дайындауды, мемлекеттік органдармен және клиентпен тиімді байланысты қолдауды қамтитын шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс рұқсаттарын алу үдерісін басқару жөніндегі қызметтерді ұсынады. Қағидалар шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квота негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыс рұқсаттарын алу кезеңі барлық қажетті құжаттарды алған сәттен бастап және рұқсаттың түпнұсқасын алғанға дейін 10-15 жұмыс күнін құрайды.
Қазақстандағы шетелдіктердің жұмысына байланысты қызметтер тізбесі:
Атырауда ҚР-да шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс рұқсатын алу үшін құжаттарды дайындау және уәкілетті органдармен жұмыс істеу |
Қолданыстағы жұмыс рұқсаттарын ұзарту/ ауыстыру |
Қосалқы қызметтер (аударымдар, визалық қолдау, жұмыс визаларын ресімдеу және т. б.) |
Шетелдік жұмыс күші
Шетелдік жұмыс күші деп шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар түсіндіріледі:
- Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын;
- Маусымдық шетелдік қызметкерлер;
- Өз бетінше жұмысқа орналасушылар;
- Корпоративтік ауысу шеңберінде уақытша ауыстырылатын.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға Қазақстанда еңбек қызметі үшін тартылатын Үкімет жыл сайын белгілейтін шетелдік қызметкерлердің санын білдіретін квота шегінде ғана жол беріледі. Квота экономикалық белсенді халық санына пайыздық қатынаста немесе басым жобалар бойынша және ол жақтан шетелдік жұмысшылар келетін елдер бойынша абсолюттік түрде белгіленеді.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған жұмыс рұқсатын алу
I Кезең.
Берілген құжаттардың негізінде белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес шетелдік маман шақыртылып жатырған лауазым анықталады. Қағиданың 3-тармағына сәйкес:
3-т. Жұмыс рұқсаттарын беру талаптарын мен тәртібін айқындау мақсатында қызметкерлердің келесі санаттары белгіленеді:
1) бірінші санат - бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;
2) екінші санат - басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
3) үшінші санат - басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келетін білікті жұмысшылар.
II кезең.
Тартылатын шетелдік қызметкерлерге арналған олардың біліктілігін растайтын қажетті құжаттарды дайындау және тапсыру:
1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылмаса);
2) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар.
III кезең.
13-т. Жұмыс рұқсатын беру не беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттары қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы орган құратын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) ұсынымдары негізінде шешім қабылдайды.
14-т. Комиссия құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері енгізіледі.
16-т. Жергілікті атқарушы орган «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қабылданған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыс рұқсатын беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту жөнінде қабылданған шешім туралы жұмыс берушіге жазбаша хабардар етеді.
IV кезең.
19-т. Жұмыс беруші жұмыс рұқсатын беру туралы хабарламаны алған күннен бастап «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмесін жергілікті атқарушы органға он жұмыс күні ішінде ұсынады.
Жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алым енгізілгенін растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган жұмыс рұқсатын беру туралы шешімнің күшін жояды.
20-т. Жергілікті атқарушы орган «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жұмыс рұқсатын береді.
Жұмыс рұқсаттарының қолданылу мерзімі
12-т. Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс рұқсаттары мына мерзімде беріледі:
1) бірінші санат үшін - жыл сайын он екі ай мерзімге ұзартумен он екі айға;
2) екінші және үшінші санат үшін - үш реттен артық емес он екі ай мерзімге ұзартумен он екі айға;
3) төртінші санат үшін - ұзарту құқығынсыз он екі айға;
4) маусымдық шетелдік қызметкерлер үшін - ұзарту құқығынсыз он екі айға дейін.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс рұқсаттарын ұзарту
24-т. Жұмыс рұқсатының қолданылу мерзімін ұзарту үшін жұмыс беруші «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс рұқсатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды жібереді:
1) өтініш;
2) осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
3) осы Қағидаларға 9-қосымшаның 5-тармағында көзделген тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер.
4) шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
5) бұрын берілген жұмыс рұқсатының көшірмесі
25-т. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттар негізінде құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс рұқсатының мерзімін ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның жұмыс рұқсатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы оң шешімі болған жағдайда, рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұдан бұрын берілген жұмыс рұқсатының қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.
Рұқсатты ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган Комиссия отырысында қараусыз жүзеге асырады.
26-т. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс рұқсатының мерзімін ұзарту туралы не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс рұқсаты мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
27-т Жұмыс беруші жұмыс рұқсатының мерзімін ұзарту туралы хабарлама алғаннан кейін жергілікті атқарушы органға «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс рұқсатын ұзартқаны үшін алым енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін он жұмыс күні ішінде ұсынады.
28-т. Жұмыс беруші хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алым енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс рұқсатының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
6) Жергілікті атқарушы орган «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде осы Қағиданың 27-тармағында көрсетілген құжаттың көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге рұқсат береді.
Клиенттен келесі ақпарат талап етіледі:
- Шетелдік мамандар тартылатын позициялар / лауазымдар;
- кандидаттарға қойылатын талаптар;
- компания қызметі туралы ақпарат;
- ҚР-да жұмыс жүргізуге арналған қолданыстағы және болашақ жобалар/келісім-шарттар туралы ақпарат, келісім-шарттардың көшірмелері;
- құрылтай құжаттарының көшірмелері,
- уәкілетті органда клиенттің мүддесін білдіруге, құжаттарға қол қоюға және беруге Орындаушының өкіліне берілетін сенімхат;
- Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылмаса);
- қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауын немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттарды қоса бере отырып, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптар болған кезде);
- тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер және т. б.
Құжаттардың толық тізімі клиентке қызмет көрсету шартымен бірге ұсынылады.