«ZONT» компаниясы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс рұқсатын алу үшін құжаттарды дайындау, ресімдеу, сүйемелдеу және беру бойынша қызметтерді, сондай-ақ ҚР-дағы шетелдік азаматтарға визалық қолдау көрсету бойынша қызметтерді көрсетеді. Біз іскерлік және жұмыс визаларын, әуежайға келген кезде және шетелдіктің тұрған жерінде визаны дұрыс ресімдеуге көмектесеміз.
Жұмыс рұқсатын алу процесі:
- Біліктілік анықтамалығына сәйкес лауазымдарды өңдеу, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен (ЖҚҮӘББ) келісу және бекіту
- Тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын қажетті құжаттарды дайындау және тапсыру:
1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылмаса);
2) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растайтын құжаттар.
- Жұмыс рұқсатын алу үшін жергілікті бюджетке мемлекеттік бажды төлеу туралы ЖҚҮӘББ-дан хабарламаны алу туралы клиентке хабарлау
- Шетелдік қызметкерге рұқсаттың түпнұсқасын алу
- Мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу және ресми хат алмасу, қажет болған жағдайда, Клиенттің мүдделерін білдіру
Визалық қолдау алу процесі:
Шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келу үшін белгіленген тәртіппен виза алуы қажет. Қазақстан Республикасының визаларын беру үшін қабылдаушы Тараптың белгіленген тәртіппен ресімделген шақыру құжаты негіз болып табылады. Қазақстан Республикасына бара жатқан шетел азаматтарына визалық қолдауды ресімдеу үшін шақырушы ұйым ҚР Көші-қон қызметі басқармасына мынадай құжаттарды ұсынады:
- Белгіленген үлгідегі шақыру хат
- Төлем тапсырмасы немесе консулдық алымның төленгені туралы түбіртек.
ҚР Көші - қон қызметі басқармасына алғаш рет жүгінген ұйым-Жарғының көшірмесі, Egov-тан алынған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірме), (туристерді шақырған жағдайда туристік қызметке лицензия). Шақыру-хат 2 данада дайындалады, оның біреуі ҚР Көші-қон қызметі басқармасына тапсырылады, екінші данасы шақырушы ұйымда сақталады. ҚР Көші-қон қызметі басқармасы 5 жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінімдерді өңдейді және ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдік мекемелерге виза беру туралы нұсқау жібергеннен кейін шақырушы ұйым ҚР-да виза алу үшін консулдық мекемеге өтініш беру үшін шетелдіктерге беруге тиіс визалық қолдау нөмірін хабарлайды.